КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«Жер топырақтарының қатпарлануы, судың тұзын кетіру, сонымен қатар су мен жер қатпарын тазарту және қалпына келтіру, цеолиттер арқылы олардың құнарлылығын жоғарлату технологиялары инженерлік ойдың қызықты қосымшалары болуы мүмкін» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев (Қазақстан инженерлерінің бірінші съезіндегі баяндамасынан, 1993 ж. мамыры)
«Таза Су» Жауапкершілігі шектелген серіктестігі – бұл қарқынды дамып келе жатқан, Қазақстан Республикасында топырақтар мен жер қыртысын мұнай және мұнай өнімдерінен тазарту, сонымен қатар табиғи цеолитті қазу және қайта өндіру және оны өнеркәсіптік түрлі салаларында, қоршаған ортаны қорғауда және ауыл шаруашылығында пайдалану жөнінде жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші ретінде танымал көп салалы компания.
«ТАЗА-СУ» ЖШС негізі 2003 жылы қаланған. «ТАЗА-СУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстандағы ең ірі Шаңқанай цеолит кен орнын игерумен айналысады.» Директоры – Идрисова Динара Жеиписовна
Компания Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесін әзірлеп, енгізген. Оны төмендегі сертификаттар растайды:
1. Сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкестігі туралы сертификат
2. Экологиялық менеджмент жүйесінің ҚР СТ ИСО 14 001-2006 талаптарына сәйкестігі туралы сертификат
2009 жылдың маусым айында, Астанада «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы «Таза Су» ЖШС-ін «МІНСІЗ» Халықтық сапа белгісімен марапаттады. Аталмыш белгі Қазақстан аумағында сатылатын сапалы тауарлар мен қызметтердің символы болып табылады.
ӨНІМДЕР
«ТАЗА-СУ» ЖШС – табиғи цеолиттен шаруашылық-ауыз суы мен сарқынды суларды тазартуға арналған сүзгі материал шығаратын жалғыз кәсіпорын. Сондай-ақ, цеолит металлургия, химия, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда және жануарлар мен құстардың жемдеріне тиімді қоспа ретінде қолданылады.
«ТАЗА-СУ» ЖШС әзірлеген мұнаймен және мазутпен ластанған топырақты тазартатын цеолиттік технология мұнай өндіретін аудандардағы бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сенімді серіктес ретінде беделін бірнеше рет растаған «ТАЗА-СУ» ЖШС тұрақты түрде мазутпен ластанған топырақты тазалауға және шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суларды тазарту үшін цеолит жеткізуге ірі келісім-шарттар жасасады. Осылайша кәсіпорынның қызметі. ҚР Президентінің «Халық денсаулығы» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы» бағдарламасында анықталған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарына сай.
ПРИМЕНЕНИЕ ПРИРОДНОГО ЦЕОЛИТА
Цеолиты – природные минералы, благодаря строго определенным размерам пор и внутренних полостей, являются хорошими сорбентами для многих органических и неорганических веществ. Высокие сорбционные, ионообменные молекулярно – ситовые, каталитические свойства позволяют использовать их в различных сферах деятельности человека.
АЛҒЫСТАРЫ
Қазақстандық мұнай және газ апталығы аясында«Ең үздік экологиялық бағдарлама» атауында«АЛТЫН ПРОМЕТЕЙ» («ЗОЛОТОЙ ПРОМЕТЕЙ») марапат
2008 жылы Ресей Федерациясының астанасында «Таза Су» ЖШС «Лидер 21 столетия» бағдарламасы аясында өнімдер мен қызметтерінің жоғары сапасы және бизнестегі кіршіксіз беделі үшін «ЗОЛОТОЙ ЯГУАР» Халықаралық марапатына ие болды.
Облыстық «Алтын Сапа» байқауында 2008 жылы компания екінші орын алды