ӨНІМДЕР2019-06-17T11:53:40+00:00

ӨНІМДЕР

«ТАЗА-СУ» ЖШС – табиғи цеолиттен шаруашылық-ауыз суы мен сарқынды суларды тазартуға арналған сүзгі материал шығаратын жалғыз кәсіпорын. Сондай-ақ, цеолит металлургия, химия, мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда және жануарлар мен құстардың жемдеріне тиімді қоспа ретінде қолданылады.

«ТАЗА-СУ» ЖШС әзірлеген мұнаймен және мазутпен ластанған топырақты тазартатын цеолиттік технология мұнай өндіретін аудандардағы бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сенімді серіктес ретінде беделін бірнеше рет растаған «ТАЗА-СУ» ЖШС тұрақты түрде мазутпен ластанған топырақты тазалауға және шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суларды тазарту үшін цеолит жеткізуге ірі келісім-шарттар жасасады. Осылайша кәсіпорынның қызметі. ҚР Президентінің «Халық денсаулығы» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы» бағдарламасында анықталған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарына сай.